Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК
Ақпарлама
№ 34 «Болашақ» бөбекжайында «Аналар мектебі» атты кездесу өтілді. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынасты нығайту, аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру мақсатында «Аналар мектебі» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл бастама – баланың алғашқы ұстазы – ана екенін еске салып, олардың рухани, тәрбиелік және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Іс-шараға балабақша тәрбиешілері, педагогтар және аналар белсене қатысты. Жиын барысында аналармен ашық диалог жүргізіліп, бала тәрбиесіндегі заманауи тәсілдер, отбасындағы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру жолдары талқыланды. Соған қоса «Аналар мектебінің» жаңа 2025-2026 оқу жылына мүшелері сайланып,жоспары бекітілді. Тәрбиешілер мен мамандар баланың жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбие беру әдістері жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл кездесуде басты құндылық – ұлттық тәрбиеге негізделді.
Сонымен қатар, аналарға арналған түрлі тренингтер, практикалық тапсырмалар мен топтық жұмыстар ұйымдастырылды.
«Аналар мектебі» – тек ақпарат алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар жүректен жүрекке жол тартқан жылы жүздесулердің, шынайы пікірлесудің алаңы болды. Аналар өзара тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдау білдіріп, ортақ тәрбие мәселелерін бірге шешудің жолдарын қарастырды.
Мұндай игі бастамалар – балабақша мен ата-ана арасындағы сенімді нығайтып, болашақ ұрпақты саналы, тәрбиелі етіп өсіруде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК
Ақпарлама
22.10.2025ж
№ 34 «Болашақ» бөбекжайында «Аналар мектебінің» 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сайкес «Анам менің бақытым» атты үй шаруасындағы бейнеролик түсірілді. Көптеген қатысушылар өздерінің күнделікті өмірлерінен әсерлі және шығармашылық видеоларымен бөлісті. Әр видео — отбасының ерекше тарихы, Ананың, еңбегі мен баланың көмегін көрсетуге арналған. Аналар мен балалардың,бір-біріне қолдаукөрсетіп, бірлесіп өткізген әрбір сәтін құрметтейміз!

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК
Ақпарлама
21.11.2025ж
№ 34 «Болашақ» бөбекжайында «Аналар мектебінің» 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Мен Әжеммен мақтанам» фотожобасы көрмесі өткізілді. Барлық топ балалары белсене қатысып өз әжелерімен түскен суреттерін түрлі формада әсемдеп жасақтады. Менің әжем әлемдегі ең жанашыр жан. Әжемнің мейірімі мен жанашырлығын сезініп жүрген мен бақытты немеремін. Мен әжеме әркез көмектесіп отырамын. Мен әжеммен мақтанамын әрі шексіз жақсы көремін.Балалардың барлығы белсенділік көрсетіп қатысқан үшін марапатталды.
