12 шағын аудан 18 ғимарат
b_75_15@mail.ru

АҚПАРЛАМА

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК

АҚПАРЛАМА

№34 «Болашақ» бөбекжайында 26.11.2025жылда 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жоспарға сәйкес «Көшеде жүру белгілері» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы түсінік беру. Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру. Балаларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.Жолдан қауіпсіз өтуді үйретумен көшеде қауіпсіздікті сақтай білу дағдысын қалыптастыру.

Арнайы жол патруль полиция мамандары шақырылып, балаларға слайд, видеоролик арқылы жол белгілерін, ережелері туралы түсінтеме берілді. Балалармен бирге «Бағдаршам» дидактикалық ойын ойналды. Тәрбиеші «қызыл» түс көрсеткенде-(Тоқтаймыз), «сары» түсті көрсеткенде- (Дайындаламыз), «жасыл» түс көрсеткенде- (Жүреміз).

Күз келді алақай

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК

АҚПАРЛАМА

                                                                                                             13.11.2025ж

  № 34 «Болашақ» бөбекжайында  «Күз келді алақай» атты спорттық сайыс өтілді

Бұл  іс-шараның негізгі мақсаты : балалардың күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Өлеңдер, мақал-мәтел, нақыл сөздер арқылы сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін эстетикалық талғамын арттыру және өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың қимыл-қозғалысын, қабілетін жетілдіріп, сергек шат қәңілді және белсенді болуға, ептілікке, жылдам қимылдауға, батылдыққа, төзімдікке баулу. Досқа көмектесу, сыйластық, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Спорттық іс-шара дене тәрбие маманы Г.Б. Буйрашева  №7  ересек тобының бүлдіршіндерімен өткізді. Сайыс барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды:түсіндіру,қөрсету, сұрақ-жауап,мадақтау.

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК

АҚПАРЛАМA

                                                                                                             14.11.2025ж

Педагог-психологтың тақырыптың жұмыс жоспарына сәйкес балалардың қабылдау, зейін, ойлау, ес процестерін жетілдіру сонымен қатар қолдың ұсақ моторикасын дамыту мақсатында “Марблс” тастарымен қызықты ойын-жаттығулар ұйымдастырды.

Педагог-психолог Изжанова М.Н.

Балалардың мектепке дайындығын, зияткерлік дамуын анықтау мақсатында бөбекжай педагог-психологы М.Н.Изжанова  мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерімен диагностикалық зерттеу әдістемесін жүргізді. Жеке тапсырмалардың нәтижесі сараланып, қорытынды деңгейі анықталады

“Жаса,жайна,туған жер”

“Жаса,жайна,туған жер” тақырыбындағы педагогтар арасында қалалық мәнерлеп оқу байқауында ӨТЕҒҰЛОВА ТЕҢГЕ ШАЛҒЫНҚЫЗЫ ЫНТАЛАНДЫРУ мен марапатталды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. Жеңісіңіз көөп болсын.

Қалалық  қауымдастық топтағы мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілер арасында «ТУҒАН ЖЕР» атты сурет байқауында ІІІ орын №34 «Болашақ» бөбекжай тәрбиеленушісі Манарбек Ақтілек жетекшісі Умирбаева Гулмира Мұхтарқызы МАРАПАТТАЛАДЫ. Жеңістеріңіз құтты болсын.

Ақпарлама Аналар мектебі

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК

Ақпарлама

   № 34 «Болашақ» бөбекжайында  «Аналар мектебі» атты кездесу өтілді.  Ата-аналармен тығыз қарым-қатынасты нығайту, аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру мақсатында «Аналар мектебі» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл бастама – баланың алғашқы ұстазы – ана екенін еске салып, олардың рухани, тәрбиелік және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Іс-шараға балабақша тәрбиешілері, педагогтар және аналар белсене қатысты. Жиын барысында аналармен ашық диалог жүргізіліп, бала тәрбиесіндегі заманауи тәсілдер, отбасындағы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру жолдары талқыланды. Соған қоса «Аналар мектебінің» жаңа 2025-2026 оқу жылына мүшелері сайланып,жоспары бекітілді. Тәрбиешілер мен мамандар баланың жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбие беру әдістері жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.

 

Бұл кездесуде  басты құндылық – ұлттық тәрбиеге негізделді.

Сонымен қатар, аналарға арналған түрлі тренингтер, практикалық тапсырмалар мен топтық жұмыстар ұйымдастырылды.

«Аналар мектебі» – тек ақпарат алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар жүректен жүрекке жол тартқан жылы жүздесулердің, шынайы пікірлесудің алаңы болды. Аналар өзара тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдау білдіріп, ортақ тәрбие мәселелерін бірге шешудің жолдарын қарастырды.

Мұндай игі бастамалар – балабақша мен ата-ана арасындағы сенімді нығайтып, болашақ ұрпақты саналы, тәрбиелі етіп өсіруде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК

Ақпарлама

                                                                                          22.10.2025ж

  № 34 «Болашақ» бөбекжайында  «Аналар   мектебінің» 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сайкес «Анам менің бақытым» атты   үй шаруасындағы бейнеролик түсірілді.  Көптеген қатысушылар өздерінің күнделікті өмірлерінен әсерлі және шығармашылық видеоларымен бөлісті. Әр видео — отбасының ерекше тарихы, Ананың, еңбегі мен баланың көмегін көрсетуге арналған.  Аналар мен балалардың,бір-біріне қолдаукөрсетіп, бірлесіп өткізген әрбір сәтін   құрметтейміз!

 

 

 

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК

Ақпарлама

                                                                                          21.11.2025ж

 № 34 «Болашақ» бөбекжайында  «Аналар   мектебінің» 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес  «Мен Әжеммен мақтанам» фотожобасы көрмесі өткізілді. Барлық топ балалары белсене қатысып өз әжелерімен түскен суреттерін түрлі формада әсемдеп жасақтады. Менің әжем әлемдегі ең жанашыр жан. Әжемнің мейірімі мен жанашырлығын сезініп жүрген мен бақытты немеремін.  Мен әжеме әркез көмектесіп отырамын. Мен әжеммен мақтанамын әрі шексіз жақсы көремін.Балалардың барлығы белсенділік көрсетіп қатысқан үшін марапатталды.

Аналар клубы 2025-26ож

ХАБАРЛАНДЫРУ

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№34 «Болашақ» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы МКҚК, 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын   негізге ала отырып, бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды.

2 тәрбиеші- уақытша (бала күтіміндегі орнына).

1 хореограф —  тұрақты.

1 логопед-тұрақты.

Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау 26.11.2025 жылдан 04.12.2025 жыл аралығында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының 113-тармағына сәйкес, конкурсқа қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР                     ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) 12,13 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.      Құжаттар 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Мекенжай: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,

12 шағын аудан, 18 ғимарат

«№34 «Болашақ» бөбекжайы»  ЖБҚ МКҚК

Байланыс телефоны: 8(7292) 30-29-80, 31-37-32 (87754636458)

Электрондық пошта: b_75_15@mail.ru

 

 

 

 

 

Послание Президента
Государственные символы