Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 «Болашақ» бөбекжайының ЖБҚ МКҚК
АҚПАРЛАМА
№34 «Болашақ» бөбекжайында 26.11.2025жылда 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жоспарға сәйкес «Көшеде жүру белгілері» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы түсінік беру. Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру. Балаларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.Жолдан қауіпсіз өтуді үйретумен көшеде қауіпсіздікті сақтай білу дағдысын қалыптастыру.
Арнайы жол патруль полиция мамандары шақырылып, балаларға слайд, видеоролик арқылы жол белгілерін, ережелері туралы түсінтеме берілді. Балалармен бирге «Бағдаршам» дидактикалық ойын ойналды. Тәрбиеші «қызыл» түс көрсеткенде-(Тоқтаймыз), «сары» түсті көрсеткенде- (Дайындаламыз), «жасыл» түс көрсеткенде- (Жүреміз).
